Қазақстан тарихының жаңа көптомдығы биыл дайын болады – Саясат Нұрбек

0
564
Фото: Ұлттық құрылтайдың баспасөз қызметі

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы аясында «Білім және ғылым» атты үшінші секциясы аяқталды. Қатысушылар білім беру саласындағы реформаларды жетілдіру, ЖОО-лардағы кадр тапшылығы мәселесін жою, өңірлік ғылым орталықтарын дамыту және Ғылым академиясының жұмысын жандандыру жайын талқылады.

Одан бөлек, қазақ тілін заманауи ғылым тіліне айналдырып, терминдерді біріздендіру жөнінде де бірқатар ұсыныс айтылды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық құрылтайдың 4-отырысы аясында Қазақстан тарихының жаңа академиялық басылымын әзірлеу жұмысының барысы жайында айтты.
– Құрылтай алаңында Мемлекет басшысы жаңа жылнамалық 7 томды, ұлттық тарихымыз жөнінде үлкен еңбекті жазу туралы тапсырма берген еді. Биыл осы жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді Саясат Нұрбек.

Академиялық басылымды әзірлеуге 5 ғылыми институт, еліміздің 250-ден және шетелдің 60-тан астам тарихшы ғалымдары жұмылдырылды. Көптомдыққа 40-тан аса археологиялық зерттеу материалдары, тарих, археология және этнография салалары бойынша 300-ге жуық еңбек енеді. Оны дайындау барысында халықаралық форумдардың, көптеген ғылыми конференцияның, дөңгелек үстелдер мен әдістемелік семинарлардың аясында арнайы секциялар өтті. Осы іс-шараларда ғылыми зерттеулердің нәтижелері тексерілді, сондай-ақ ғалымдардан, сарапшылардан және мамандардан ұсыныстар алынды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here