Ескелді ауданында жаңа амбулатория халық игілігіне берілді

0
401

Бүгін,18 маусымда Ескелді ауданының көрікті Шымыр ауылында игі істердің бастауы болған ерекше оқиға орын алды – жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория салтанатты түрде ашылды. Бұл – тек медициналық мекеме ғана емес, ауыл тұрғындарының жарқын болашағына жасалған нақты қадам.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, аудан әкімі Елдос Ахметов, оның орынбасары Жанар Қанатқызы, аудандық орталық аурухананың директоры Сауле Рыспековна, «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Мирас Серікұлы және ауыл тұрғындары қатысты.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл амбулатория күніне 25-30 адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Енді шұғыл және жоспарлы медициналық қызмет алу үшін алысқа сабылудың қажеті жоқ – білікті дәрігерлер ауылдың өзінде қызмет көрсетеді.

Ауыл тұрғындары үшін бұл – жай ғана ғимарат емес, үміт пен қамқорлықтың символы. Денсаулық сақтау саласындағы мұндай оң өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттырып, ауыл өміріне тың серпін беретіні сөзсіз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here