Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды

0
154
Фото: dimashnews.com

22 шілдеде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласындағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының орталық ипподромында «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің салтанатты финалы өтті.

Фестивальдің жабылу салтанатында Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілді.

Марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here