ТОП-20: СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫ КӨП ЕЛДЕР [ИНФОГРАФИКА]

0
593

Ғасыр тарихы бар «Qazaq» газеті сыртқы қарыз жөнінде қысқаша мәлімет келтіреді.

Біріншіден, барлық елдер бір-бірінен (мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, банктерден, т.б.) қарыз алады. Бұл сыртқы қарыз саналады.

Екіншіден, мәселе қарыздың көлемінде емес, мәселе қарыз алушы елдің төлем қабілетінде. Мәселен, сыртқы қарызы көп елдердің тізімінде экономикасы дамыған мемлекеттер көш бастап тұр. Яғни, сыртқы қарыз елдің кедей, не бай екендігін көрсетпейді. Көрші қырғыз, өзбектің бізбен салыстырғанда сыртқы қарызы аз, бірақ бұл олардың экономикасы мықты екендігін білдірмейді, сәйкесінше, біздің де жапондардан сыртқы қарызымыз аз, десе де экономикамыз олардан қуатты емес.

Үшіншіден, кез келген қарызды қайтару керек. Мәселе сол қарызға алған ақшаны қалай жұмсағандығына байланысты. Мысалы, Грекия 2004 жылы Олимпиада өткізуге 10 млрд. доллар қарыз алып, кейін оны қайтара алмай әбден қиналды. Қысқасы, бұл той жасауға алған несие сынды. Оның қайтарымы жоқ. Ал, еуропалықтар қарыз алса, оны алдымен экономикаға салады, кейін қарыздан толықтай құтылып, сол несиеден көл-көсір пайда табады.

Бұл тақырып бұқаралық ақпарат құралдарында көтерілгенде қырғыздардың көрші елдердің сыртқы қарыз көлемін алға тартып, шүкіршілік айтып жүргендерін көз көріп, құлақ естиді. Дегенмен, төлем қабілеті төмен елдерге Дүниежүзілік банк секілді қаржы ұйымдары қарыз аз береді. Өйткені, экономикасы онсыз да әлсіз елдерден қарыздың қайтарымы болмауы мүмкін, яғни мұны жұмыссыз жүрген адамға несие бермейтін банктермен салыстыруға болады.

ИНФОГРАФИКА [сілтемені басыңыз]

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here