«ӘЛЕУМЕТТІК СТУДЕНТТІК КРЕДИТ» ЖОБАСЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

0
576

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ресми шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин қатысты.

Жастар жылына байланысты студенттерді әлеуметтік және қоғамдық пайдалы қызметке кеңінен тартуға бағытталған «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы ағымдағы жылдың қыркүйегінен басталады. Жоба аясында жоғары оқу орындарының студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық-пайдалы жұмыс нәтижелері үшін академиялық кредиттерді қайта есепке алуға мүмкіндік алады.

Күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне келесі әлеуметтік студенттік кредит түрлері ұсынылады:

1) 20 сағат қызметі үшін 20 000 теңгеге кредит;

2) 50 сағат қызметі үшін 50 000 теңгеге кредит.

Студенттер волонтерлер ретінде балалар үйлерінде, қарттар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.

«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасының тақырыптық модулі «Qazvolunteer.kz» еріктілердің бірыңғай интернет платформасында орналасады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here