«Телеарнаны OTAU TV жерсеріктік телевизия желісіне ақысыз қосу мәселесін жедел шешу қажет»

1
6412

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген тұлғалары мен қайраткерлерінің үндеу хаты

Елбасымыз өзінің тарихи шешімімен шілденің 1-ші жексенбісін «Ұлттық Домбыра күні» деп белгіледі. Халқымыздың көңілінен шыққан бұл күн үшінші рет мемлекеттік деңгейде атап өтілді. Ал, осы мақсатты әрі қарай дамыту үшін 2019 жылғы 1 наурыздан бастап тәулігіне 24 сағат ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін «Dombyra» ұлттық телеарнасы іске қосылды.

Қазақ халқының рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарын (домбыра, қобыз, шертер, жетіген, т.б.), дәстүрлі әндерін, жыр-термелері мен күйлерін халыққа барынша насихаттайтын телеарнаның ашылуы рухани жаңғырудың өзекті бір саласына жан бітірді.

Қазіргі таңда «Dombyra» ұлттық телеарнасы ID TV кабелдік желісі арқылы көрсетілуде. Телеарнаны халықаралық ақпараттық кеңістікке шығару үшін OTAU TV жерсеріктік телевизия желісіне ақысыз қосу мәселесін жедел шешу қажет деп санаймыз.

Мұндай қоғамдық-әлеуметтік маңызы бар мәселеге еліміздің Президенті, Әкімшілігі, Мемлекеттік хатшысы деңгейінде көңіл бөлініп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тиісті тапсырма беруін сұраймыз.

Телеарнаның бағыт-бағдары Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған сананы жаңғыртуға, Ұлттық болмыс-бітімнің қалыптасуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажет, әрі дұрыс бастама» деп атап көрсеткенін де басшылыққа алған жөн деп есептейміз.

Ұлттық құндылықтарымыздың бірі – өнеріміз бен қара домбыраны дүниежүзіне таныту үшін әуелі оның қасиетін, бағасын өзіміздің жастарымыз білуге, ұғынуға тиіс.

Телеарна арқылы ұлттық мәдениетімізге деген олардың құрметі мен сүйіспеншілігі қалыптасады. Сондықтан, атадан балаға аманат болған асыл мұрамызды сақтап, қадірін арттыра беру үшін жоғарыда аталған телеарнаның болашақ тағдырына алаңдаушылық білдіре отырып, Сіздердің отаншылдық сезімдеріңізге, азаматтық шешімдеріңізге үміт артамыз.

Мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов;

ҚР Халық əртісі, кино жəне театр актері, кино жəне театр режиссері, театр педагогы, профессор Асанәлі Әшімов;

ҚР Халық әртісі, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев;

ҚР Еңбек сіңірген əртісі, академик, халық күйшісі Секен Тұрысбеков;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Президент гранты мен «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек;

ҚР Халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайрат Байбосынов;

ҚР Халық әртісі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, өнертану профессоры, театр және кинорежиссері, кинодраматург Талғат Теменов;

ҚР Еңбек сіңірген əртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Қапаш Құлышева;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, журналист Жүрсін Ерманов;

ҚР Халық əртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Роза Рымбаева;

ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, профессоры, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы;

ҚР Халық әртісі, кино және театр актері, кинорежиссер Досқан Жолжақсынов;

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Рамазан Стамғазиев;

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, “Құрмет”, “Парасат” ордендерінің иегері, дәстүрлі әнші Майра Ильясова;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай;

ҚР Мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры Амандық Көмекұлы;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, жыршы Ұлжан Байбосынова;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, әнші Сәуле Жанпейісова;

ҚР Еңбек сіңірген əртісі, «Құрмет» орденінің иегері Қанат Құдайберген;

Өнертану ғылымдарының кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Абдулхамит Райымбергенов;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, күйші Біләл Ысқақов;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Айтбек Нығызбаев;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет қайраткері Елмұра Жаңабергенова;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Еркін Шүкіманов;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Нұржан Жанпейісов;

Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Мәдениет саласының үздігі Шолпан Даржанова;

«Түркі әлемі TV» телеарнасының бас үйлестірушісі Ихсан Дағдуран;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнертану саласының профессоры Ерболат Мустафаев;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Сержан Шахрат;

ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Айтжан Тоқтаған;

ҚР Еңбек сіңірген əртісі Айтжамал Биғалиева;

Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, жыршы, термеші Елікбай Иса;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің, ҚР Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі Нұртөре Жүсіп;

ҚР Еңбек сіңірген əртісі, күйші-домбырашы Айгүл Үлкенбаева;

Халық күйшісі, композитор, өнертанушы Ахат Байбосынов;

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Ақберен Елгезек;

ҚР Еңбек сіңірген əртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, әнші-композитор Марат Омаров;

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Бақыт Беделхан;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет қайраткері, әнші, композитор Өктем Алтаев;

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері, әнші Ақжол Мейірбеков;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері, актер Бекжан Тұрыс;

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, профессор Дәулеткерей Кәпұлы;

Өнертану ғылымдарының кандидаты, Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, «Құрмет» орденінің иегері Әсия Мұхамбетова;

Айтыскер ақын Серік Қалиев;

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «Тіл жанашыр» төс белгісінің иегері Ерболат Құдайбергенов;

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай.

1 пікір

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here