Сүйінші! Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіле бастады

0
2325

Бүгін, 18 мамырда ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы вакцина клиникаға дейінгі сынақтан өте бастағанын, сөйтіп еліміз ресми түрде COVID-19 вирусына қарсы вакцина әзірлеуші елдер қатарына қосылғанын хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың әзірлемесін тіркеуге алып, өзінің ресми сайтындағы клиникаға дейінгі сынауды бастауға рұқсат етілген COVID-19 қарсы вакцина жасаушы үміткерлер тізіміне қосты.

Бұл инактивтендірілген вакцинаны ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірлеген. Ол Қазақстан аумағында науқастанған адамдардан бөлінген вирус штаммының негізінде жасалды. Осыған байланысты министр Асхат Аймағамбетов ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерін құттықтады.

«Бұл қазақстандық ғылымның мемлекетіміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ елдің мықты ғылыми әлеуетінің дәлелі. Институт ұжымы қауіпті және аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналардың жаңа түрлерін әзірлеуде өзінің жетекші рөлін тағы бір мәрте көрсетті» делінген жеделхатта.

Енді аталған институт ғалымдары клиникаға дейінгі және клиникалық сынақ жүргізуі керек.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here