Жапония 125,9 млн халқына 376 мың теңгеден береді

0
2132

Коронавирус пандемиясына байланысты Жапония өз халқына 100 мың иен көлемінде (шамамен 376 мың теңге) жәрдемақы бере бастады. Бұған ел бюджетінен 25,6 трлн иен бөлінді.

Жапонияның коммуникация және әкімшілік істер министрі Санаэ Такаитидің айтуынша, аталған бір реттік жәрдемақыны ел халқының бәрі алады, яғни үкімет бай-кедей деп ешкімді бөліп-жармайды. Тіпті, түрмеде отырғандар да, өлім жазасына кесілгендер де бұл жәрдемақыдан қалыс қалмайды.

Айта кетейік, жер көлемі біздің Қарағанды облысына да жетпейтін Жапонияда 125,9 млн халық тұрады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here