Аида Балаева: «Елімізде «Абай» және «Әл-Фараби» телеарналары ашылады»

0
904

«Абай ТВ» және «Әл-Фараби» екі жаңа телеарна ашылады. Бұл телеарналар мәдениеттің байлығы мен мұрасына арналған жаңа білім беру-ағартушылық телевизиялық жоба болады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.

«Министрлік тарапынан отандық ақпарат кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа екі, яғни «Абай ТВ», «әл-Фараби» телеарналарын ашу мәселесі қарастырылып жатыр», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Оның сөзіне қарағанда, «Абай ТВ» телеарнасы ертең, 30 маусымнан жұмысын бастайды. Ол «Қазақстан» ТРК» құрамына кіреді және отандық мәдениет мұрасын насихаттайтын арна болады.

Екінші тележоба – «Әл-Фараби» телеарнасы. Ол «Хабар» телеарнасының базасында жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіле бастайды. «Әл-Фараби» телеарнасы оқу-ағарту телевизиялық платформа болады және 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here