«Педагогикалық университет сіздерді мақтан тұтады»: Ректор университеттен түлеп ұшқан түлектерді құттықтады

0
978

Құрметті түлектер!

Сіздерді Абай университетінде оқуларыңызды аяқтауларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер өмірдегі маңызды кезеңді еңсердіңіздер және бүгін университет сіздерді кәсіби өсудің ұзақ және қызықты жолына шығарып салуда.

Сіздер – жоғары білікті мамансыздар, еліміздің тірегі және болашағысыздар. Бүгінгі түлектердің көпшілігі еліміздің білім беру жүйесінде жұмыс істейтін болады. Естеріңізде болсын, сіздер университет қабырғасында алған барлық білімдеріңіз бен жақсылықтарды оқушыларыңызға жеткізіңіздер. Тек сонда ғана білім беру ісінде жетістіктерге жетесіздер.

Біреу өз әлеуетін іске асыру үшін басқа саланы таңдайды, алайда, әр түлектің болашағы зор екендігі сөзсіз. Қазіргі педагогикалық білім беру әмбебап сипатқа ие: ол терең білім, жалпы мәдениеттің жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар ұтқырлықты, икемділікті және шығармашылықты дамытады, ал бұл – адамға кез келген кәсіби ортада тез бейімделуге, білімі мен дағдыларын қолдануға мүмкіндік беретін негізгі қасиеттер.

Сіздер бұл жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, білімдеріңізді жалғастырады деп сенемін. Өз білімдеріңізді магистратурада, докторантурада, кәсіби шеберлікті арттырудың түрлі курстарында жалғастырып тұрыңыздар. Білімді өмір бойына жеткілікті етіп алу мүмкін емес – сіздер үнемі ізденісте болуларыңыз керек.Үнемі оқыңыздар, жұмыс жасаңыздар, сонда ғана өмірден өз орындарыңызды таба аласыздар!

Педагогикалық университет сіздерді мақтан тұтады және сенеді: сіздер Абай университетінің алдыңғы буын түлектерінің жинаған жетістіктерін одан әрі арттырады деп білемін. Alma Mater-мен байланыста болуды ұмытпаңыздар. Біз сіздердің жетістіктеріңізге әрдайым қуанатын боламыз!

Құрметпен, ректор Такир Балықбаев

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here