Медициналық сақтандыру қоры «СК-Фармация» алдындағы міндеттемелерін жүз пайызға орындады

0
1240

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі іркілістердің алдын алу үшін «СК-Фармация» компаниясымен жасалған шарттар бойынша 100% алдын ала төлем жасады. Бұл бірыңғай дистрибьюторға жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін өнім берушілер мен өндіруші зауыттарға алдын ала төлем жасауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Медициналық сақтандыру қорының басшысы МӘМС қаражаты есебінен амбулаториялық деңгейде балаларды бактерияға қарсы және қызуды төмендететін препараттармен, ересектерді ауруханадан тыс пневмония нозологиясы бойынша бактерияға қарсы құралдармен қамтамасыз ету қарастырылғанын атап өтті. 2020 жылдың 1 қаңтарынан 17 шілдесіне дейін ӨРВИ және пневмония ауырған 165 мың пациент 190,3 млн теңгені құрайтын тегін дәрі-дәрмек алды. Сонай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі бастапқы буындағы дәрігерлермен тағайындалатын дәрі-дәрмектің тағы 5 түрін қосу мәселесін қарастыруда. Бұл тізімге «Парацетамол», «Ибупрофен», «Ривароксабан», «Апиксабан», «Дабигатран» енгізілді. Аталған препараттармен үздіксіз сатып алу үшін Қор Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізгеннен кейін өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қоры дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді стационарлық және амбулаторлық деңгейде ТМККК және МӘМС пакеті шеңберінде қаржыландырады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here