Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талқыға түсті

0
218

Бүгін, 6 қараша күні Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талқыға түсті. Іс-шараның мақсаты – қолданыстағы заңнаманы және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс практикасын түсіндіру болды.

Полиция қызметкерлері отбасы-тұрмыстық салада балаларға қатысты құқық бұзушылықтар бойынша қазіргі жағдайға талдау жасап, кәмелетке толмағандарға қатысты қолсұғушылықты болдырмау бойынша ата-аналарға ұсынымдар берді.

Бұдан басқа, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе асырау бойынша міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс ықпал ететін ата-аналарды немесе кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдерін есепке қоюды жүзеге асыру тәртібі түсіндірілді.

Брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметова 2020 жылдың 9 айында қылмыстардың тіркелу саны – 37,1%-ға, қоғамдық орындардағы қылмыс – 53,9%-ға, көшелерде – 53,7%-ға, мас күйінде қылмыс жасау – 37,7%-ға төмендегенін, 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі – 40,2%-ға азайғанын, ал жасалған барлық шараларға қарамастан отбасылық-тұрмыстық қылмыстар 4%-ға артқанын айтты.

Департамент мәліметтеріне сенсек, тұрмыстық қылмыс үшін 920 адам жауапқа тартылған, жәбір көргендерді қорғау үшін 5 917 нұсқама шығарылған, 260 әйел дағдарыс орталықтарына орналастырылған, қорғау талаптарын бұзғаны үшін 147 адам жазаланған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here