Сүйінші! Ақтөбе әуежайы Әлия Молдағұлованың есімін алды

0
469

«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімін беру туралы қаулыға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қол қойды.

Қаулы «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес шығарылды.

«Бірнеше ай бұрын ұсыныс енгізіліп, Үкіметке жіберілді. Ұсынысымыз қолдау тапты. Енді Әлия Молдағұлова атындағы әуежай жазбасы ілінеді. Бұл жұмыс бір ай ішінде атқарылады», – деді әуежай директорының орынбасары Ілияс Нұғманов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here