Музыкалық жас көрермен театры балаларға тарту жасады

0
535

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры 1 маусым-Балаларды қорғау күніне орай жас көрермен назарына «Күлше қыз» музыкалық ертегісін тарту етті.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, екі немересін музыкалық ертегіге ертіп келген Гүлбаршын Сиқымбекова балаларды қорғау күнімен құттықтап, қойылымнан алған әсермен былай деп бөлісті: «Бүгін балалар мерекесіне орай Музыкалық жас көрермен театры «Күлше қыз» қойылымын ұсынды. Мен өзімнің екі немеремді ертіп алып келдім. Оларға қойылым қатты ұнаған. Немерелерім телеарнадан көріп жүрген кейіпкерлерімізді саханада көргенде қатты қуандық деп айтып отыр. Актерлардың ойнау қабілеті жоғары болды. Әсіресе, балалармен қарым қатынас жасағандары ұнады. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Балаларды қорғау – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей сәбилер бейбіт өмір сүріп, олардың жүректерін қайғы мұң шалмасын деп тілейміз! Театр ұжымына сәттіліктер тілейміз! Қойылымдары көбейе берсін».    

«Күлше қыз»  ертегісі —театр сүйер көпшілікке бұрыннан таныс әйгілі ертегі. Ондағы айтылатын ой мен өтетін оқиға жас көрерменнің көңілін елітіп, қиялына қанат бітіретіні сөзсіз. Анасынан ерте айырылған Күлше қыздың өмірі бірде аянышты болса, енді бірде ғажайып оқиғалармен алмасып отырады. Оның өгей шешесі мен одан туған екі әпкесі әртүрлі қисынсыз әрекеттерімен Күлше қызды тек үй жұмыстарына салып қойғысы келеді. Алайда, бақ та, бақыт та маңдайыңа жазылған болса, оған кедергі болатын күш-қайрат жоқ. «Күлше қыз» ертегісі осындай ойлардың, ақ пен қараның, шындық пен қиянаттың арасындағы қақтығыстарды суреттеп, көрерменді тағдырдың тылсым жолдарында өтетін таңғажайып оқиғаларға қарай жетелейді.

«Күлше қыз» музыкалық ертегісі орыс драматургы Евгений Щварц пен композитор Антонио Спадавеккианың «Золушка» атты ертегісінің желісінен алынған.  Шығарманы қазақ тіліне аударған- Есім Сегізбаев.

Ал, аталған ертегінің қоюшы режиссері «Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының иегері, Музыкалық жас көрермен театрының актері, әрі режиссері — Расул Усманов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here