Нұржұман Ықтымбаев: «Үмітіміз арта түсті»

0
959

Қазақстан Республикасының Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, осы жылы 80 жылдық мерейтойын тойлап отырған Нұржұман Ықтымбаев Президенттің Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы екі жүздей кинокартинаға түскен танымал тұлғаның айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында мәдениет саласына ерекше көңіл бөліп отыр.

«Президенттің Жолдауы болады деген хабарды естіген соң, 3-4 күн бұрын, бүкіл жұмыстарымды ысырып қойып, тоқтатып, Жолдауды жақсылап тұрып тыңдап, көріп шықтым», – дейді Нұржұман Байжұманұлы.

«Маған ұнады. Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық бағыттарды қамтып, бүкіл түйіткіл мәселелерді көтерді. Ең әдемісі, ең кереметі – ол ғылым мен мәдениет туралы айтқаны. Әсіресе, мәдениет саласы бойынша басып-басып айтты. Түсінетін адамға сол да жеткілікті», – деді ол.

«Президент елде болып жатқан бүкіл өзгерістер мен құбылыстардан хабардар екен. Риза болдым. Осындай тапсырмаларды көріп, үмітің арта түседі», – деп сөзін түйіндеді халық әртісі.

Естеріңізге салсақ, 1 қыркүйек Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Жолдауда Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы жылға арналған басым мақсаттарын жария етті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here