ҚызПУ-дың 17 студенті Еуропа елдерінде білімін жетілдіруге жолдама алды

0
1235

Биыл Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 17 білім алушысы академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша шетелдің іргелі жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Бұл туралы университеттің Маркетинг және коммуникациялар департаменті хабарлады.

Атап айтқанда, «Информатика» мамандығы бойынша білім алатын студенттер Латвияның Менеджмент және ақпараттық жүйелер Жоғары мектебінде, «Шетел тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі» мамандықтары бойынша білім алатын студенттер мен магистранттар Польшаның Силез Университетінде, «Химия», «Биология», «География» мамандықтары бойынша білім алатын студенттер Түркияның Нийде Өмер Халисдемир Университетінде академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша біліктілігін жетілдірмек.

Еуропа елдеріне жолдама алған студенттерге Университет ректоры Гүлмира Қанай сәттілік тілеп, сапалы білім мен шетелдік тәжірибені меңгерудің маңызды екенін айтты.

Оқу орнының басшысы бұл үрдіс алдағы уақытта да тұрақты түрде өз жалғасын табатын болатындығын мәлімдеді.

Айта кетейік, қазіргі күнде Университетте шетелдік жоғары оқу орындарымен 70-тен астам халықаралық шарт бар.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында әлемнің 9 жоғары оқу орнымен келісім орнатылған. Олардың қатарында АҚШ, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Польша, Оңтүстік Корея, Ресей сынды мемлекеттердегі жетекші университеттер бар.

Біздің Университет интернационаландыруды дамыту мақсатында АҚШ-тың Миссисипи алқабының мемлекеттік университетімен, Польшаның Силез университетімен және Ресейдің Томск политехникалық университетімен қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыруда.

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here