ҚызПУ-дың 3 ғалымы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

0
1102

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3 оқытушысы «Болашақ» Халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге жолдама алды. Олардың қатарында Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты Гүлназ Салғараева, Физика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Нәзира Сәндібаева, Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, PhD Наргиза Балтабаева бар.

Оқытушылар алдағы уақытта М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Қазан федералдық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, ресейлік әріптестерімен бірлесіп жобаларды жүзеге асырмақ.

«Болашақ» стипендиясының иегерлерімен Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай кездесіп, сәттілік тіледі.

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті білім, ғылым және инновацияларды үйлестіретін классикалық университет болып табылады. Біздің білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырып, оларды ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді тартуда Сіздердің тәжірибелеріңіз маңызды рөл атқарады. Сіздерді алдағы уақытта Университеттің ғылыми кадрларын даярлауға жаңа серпін береді деп сенеміз, – деді Гүлмира Қанай.

 Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here