Ақмола облысында пікірсайыс турнирінің үздік спикерлері анықталды

0
277

20-21 қазаны күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде мектеп оқушылары арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырды.

Турнир өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін, туған өлке мен елдің проблемаларын талқылауға және шешуге қатыстылығын тәрбиелеу, облыс мектептеріндегі пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау мақсатында өткізіліп отыр.

Турнирге Ақмола облысының 12 ауданы, 2 қаласы және облыстық мамандандырылған мектептерден барлығы 40 команда (қазақ лигасы– 20 команда, орыс лигасы – 20 команда), оның құрамында 80 бала қатысты.

Пікірсайыс турнирі Америкалық Парламенттік форматы бойынша өткізілді. Турнир іріктеу кезеңінен, жартылай финал және финалдан тұрды. Турнирдің қорытындысы бойынша төрешілер алқасы турнирдің жеңімпаздары мен үздік спикерлерін анықтады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here