«Туған жерім – дархан далам» атты Шу ауданының күндері өтті

0
2434

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімінің бастамасымен қолға алынған Тараз қаласындағы аудан күндері жалғасуда. Бұл жолы облыс орталығында «Туған жерім – дархан далам» атты Шу ауданының күндері ұйымдастырылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінен бастау алған шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары шулықтардың тыныс-тіршілігімен, мәдениетімен жақын танысты.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев тараздықтармен бірге «Баласағұн» концерт залында аудандық білім бөлімі ұйымдастырған балалар туындыларының және түрлі этностардың ұлттық көрмесін тамашалады.

Спорттық жарыстар да шараның көрігін қыздыра түсті. Сондай-ақ, мүсінші Қ.Қораласбаевтың, суретші Б.Малдыбаевтың шығармаларының, аудандық өлкетану мұражайы, қолөнер туындылары мен кәсіпкерлер өнімдерінің көрмелері көпшілік назарына ұсынылды.

 Шу ауданының өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарлама мен театрландырылған қойылым көрермендерге әдемі әсер сыйлады.

Соңында Жамбыл облысы әкімінің «Ықылас гүлі» ұсынылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here