Австрияда екпе алмағандар кемінде 600 еуро айыппұл төлейді

0
231

Австрияның Ұлттық кеңесі көпшілік дауыспен елдің бүкіл тұрғындары үшін коронавирусқа қарсы міндетті вакцинация туралы заңды қабылдады. Бұл туралы Euronews агенттігі хабарлады.

Аталған заңның күші 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін сақталады. Осылайша, Австрия – Еуропалық Одақта коронавирусқа қарсы екпе міндетті саналатын бірінші ел атанды. Енді наурыз айынан бастап екпе салдырмаған ел азаматтары айыппұл төлейтін болады, оның ең төменгі көлемі – 600 еуро, біздің курспен шамамен 295 мың теңге.

Австрия канцлері Карл Нехаммердің айтуынша, ел билігі екпе алғандар арасында сыйлықтар ұтысын ұсынуды жоспарлап отыр. Лотереяның әрбір оныншы қатысушысы 500 еуро көлеміндегі ақшалай купон ұта алады.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін 9 млн халқы бар Австрияда 1,65 млн адам коронавирус жұқтырса, 6,7 млн адам немесе халқының 75,2%-ы екпенің толық дозасын алған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here