ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 3 мамырдағы мәліметі бойынша, Қазақстанда 9 482 101 адам вакцина салдырғаны туралы ақпарат жариялады. Екінші компонентті салдырғандар саны – 9 239 468 адамға жетті.
Осы күнге дейін «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 057 103 адам, ІІ-ші дозасын 907 826 адам салдырды.
Айта кетейік, Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу былтыр 15 қарашада басталды.