Жапония мен Оңтүстік Кореядағы учаскелер бірінші болып өз жұмысын бастады

0
73

Жапония мен Корея Республикасында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда өзінің дауыс беру конституциялық құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық Токио қаласындағы жақында 18 жасқа толған жас сайлаушы Әлижан Салиев болды. Бұл оның алғашқы сайлауы.

Оңтүстік Кореяның астанасындағы № 258 учаскеге алғаш болып қазақстандық отбасы Кәкім Данабаев пен Аруна Жәнібек келді. Олар Сеулде 10 жылдан астам уақыт тұрып, бизнеспен айналысады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here