Сүйінші! 26 жастағы келіншек өмірге үшем алып келді!

0
549

Сүйінші сұрайтындай-ақ жаңалық! 26 жастағы сарыағаштық келіншек өмірге үшем алып келді. Сәбилерге Ардана, Елдана, Нұрдана есімдері берілді.

Бүгінгі таңда жас ана мен нәрестелердің денсаулығы жақсы. Қазір үйлерінде күтім жасалып жатыр. Бұған дейін отбасында бір ұл болған. Сондықтан сарыағаштық Тойшиевтер бірден көп балалы отбасына айналды.

Бүгін Сарыағаш қаласының әкімі Мұхит Доспулов үшемнің ата-анасы Берік Тойшиев пен Ақбөпе Кеңесқызын арнайы барып құттықтады. Сәбилерге сый-сияпат жасап, ізгі тілегін білдірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here