Алманың жаңа сорттары өсірілуде

0
333

Бүгінгі таңда Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерін өндіруде импортқа тәуелділік басым екендігі жасырын емес. Тек, соңғы жылдары ғана республикаға орта есеппен 900 мың тоннадан астам жеміс-жидек әкелінді.

Ішкі нарықтағы сұранысты толығымен қамтамасыз ету  үшін 6,6 мың га аумақта жаңа қарқынды бақтарды отырғызу жоспарлануда. Сарапшылардың болжамы бойынша, осы бақтар біртіндеп толық жеміс берген кезде, 2024 жылға қарай жеміске деген сұранысты қанағаттандыруға және елімізді отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Сонымен қатар, Қазақстанның өнеркәсіптік бақ шаруашылығының табыстылығын, әлемдік жеміс нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін түбегейлі арттыру үшін: дұрыс сорт саясатын жүргізу; заманауи технологияларды қолдану; қазақстандық алманы брендтеуді жүзеге асыру, кадрларды даярлау және қайта даярлауды жүзеге асыру және т.б. қажет.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығында жеміс-жидек өсіру бойынша кадрларды тәжірибе негізінде дайындау үшін және өзара тәжірибе алмасу үшін 2020 жылы Dutch Fruit Solutions Kazakhstan (Нидерланд) компаниясымен бірлесіп «Қарқынды бақ» іске қосылған болатын. Нидерланд Корольдігі – өнім тұқымы мен отырғызу материалдары бойынша әлемдегі №1 экспорттаушы болып табылады.

Біздің бұл Демонстрациялық алаңда 8 түрлі жеміс-жидек дақылдарының (алма, алмұрт, қара өрік, шие, көкжидек, құлпынай, қарақат, спаржа) 40-қа жуық жаңа сорттары өсіріледі, өсімдіктерді күту мен өсірудің, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғаудың бейімделген шетелдік жүйелері, оларды автоматты суару жүйесі арқылы тыңайтқыштарды бірлесіп енгізу жолымен тамшылатып суару – фертигация сияқты олардың заманауи технологиялары қолданылады.

2022 жылдың сәуірінде 0,1 га-дан 230 кг. көк спражаның алғашқы өнімі жиналып, қуантты. Сондай-ақ, Deljonca, Santana, Wilton Star алма сорттарының өнімдері алынды. Өткен жылы алма мен алмұрттың шығымдылығы 5,1 т/га болса, биыл 13 т/га-ға жетіп отыр. Қара өріктің шығымдылығы орта есеппен 7,2 т/га-ны құрайды.

Бүгінде бақ – жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, агрономия, су ресурстары және мелиорация білім беру бағыттары бойынша  магистранттар мен докторанттар үшін тәжірибелік базаға айналды.

Интенсивті бақ ауыл кәсіпкерлері үшін семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтары өткізілетін жеміс-көкөніс шаруашылығы саласындағы заманауи инновациялардың демонстрациялық алаңы болып табылады. Онда олар фертигациялық қондырғылармен, жеміс-жидек дақылдарының жаңа сорттарымен танысып, қалай өсіру туралы ғылыми ақыл-кеңестер алады.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here