ЖСДП президент сайлауына өз кандидатын ұсынды

0
560

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Нұрлан Әуесбаевты кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды.

Сенбі күні партияның кезектен тыс XIX съезі өтті. Онда президенттікке кандидат ретінде Нұрлан Әуесбаев ұсынылып, жиналғандар бұл ұсынысты қолдаған.

Партия мәліметінше, заңгер әрі экономист Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев 1957 жылдың 17 мамырында қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. 2021 жылы ЖСДП-ның Астана филиалының төрағасы болып сайланған.

Айта кетейік, жұма күні «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтіп, онда президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев бекітілген еді. Ал, 6 қазанда AMANAT, «Ақ жол» мен Қазақстан халық партияларының съезі өтеді. Онда аталған саяси ұйымдар өз кандидаттарын ұсынбақ.

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қараша күні өтеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here