Қарақат Әбден Алматы облысына сайлауалды сапармен барды

0
112

Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбден сайлауалды сапарымен Алматы облысына барды. Кандидат «Astana Musical» мемлекеттік театры әртістерiнiң орындауындағы «Роза Бағланова» мюзиклiне қатысты және Талғар қаласында өткен сайлаушылармен кездесті. Бұл туралы кандидаттың штабы хабарлады.

«Оңтүстік өңірдің бас қаласына келген бойда, күтпеген жерден әдемі тосынсыйға тап болдым. «Astana Musical» мемлекеттік театры әртістерiнiң орындауындағы «Роза Бағланова» мюзиклiне шақыру алдым. Қазақстан мен КСРО-ның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы, аты аңызға айналған Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған музыкалық қойылым өте тамаша өтті», – деп музыкалық қойылымнан алған әсерімен бөлісті Қарақат Әбден.

«Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат Талғар қаласының тұрғындарымен де кездесті.

«Бизнес пен отбасылық құндылықтарды ұштастыру мүмкін бе? Осы мәселе төңірегінде Талғар қаласында өткен сайлаушылармен кездесу кезінде әңгімелестік. Қазіргі таңда ел экономикасының дамуына зор үлесін қосып жүргендер – шағын және орта кәсіпкерлер. Осы орайда Алматы облысының Тұздыбастау ауылында отбасылық кәсібін дөңгелетіп жүрген зейнеткер апамыз Сайыпжамал Өтептiң шаңырағына бардық. Апамыз зейнетке шыққалы бері сүттен кілегей, қатық, құрт, ірімшік, сыр, айран, көже, жент дайындап, сайда жасап жүрген отбасылық шағын бизнесті қолға алған. Осы өнімдердің әрқайсысы да бабаларымыз сан ғасырдан бері азық қылған ұлттық тағамдарымыз. Әр үйдің берекесі де, елдің болашағы осындай шынайы, қолдан жасалған еңбектен басталады. Осыдан бизнес пен отбасылық құндылықтарды ұштастыру арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу әбден мүмкін екеніне көз жеткізуге болады», – деді Қарақат Әбден.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here