«Қоштасқым келмейді…»

0
1770

2023 жылдың 12, 13, 14 желтоқсан күндері сағат 19:00-де Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры А.Володиннің «Қоштасқым келмейді…» музыкалық драмасының премьерасын көрермен назарына ұсынады. Шығарманы қазақшаға аударған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.

Әйгілі орыс драматургы А.М.Володиннің терең психологизмге құрылған классикалық туындысы ерлі-зайыптылардың өмірін және олардың күрделі қарым-қатынасын баяндайды. Әлеуметтік мәртебесі, өмірге көзқарасы әртүрлі ажырасуға бел буған сегіз отбасы сотқа жүгінеді.

Ерлі-зайыптыларды тыңдаған судья олардың некесін бұзуға жол бермеу үшін барын салады. Себебі, бірін-бірі кінәлауға, айыптауға, қаралауға дағдыланған ерлі-зайыптылардың өзімшілдігі, менмендігі, тәкаппарлығы – бірін-бірі тануға, тыңдауға, түсінуге кедергі. Пьесадағы характерлер қақтығысы, бітпейтін конфликтілер әр түрлі мінез-құлық ерекшеліктерін көрсетеді. Әрбір кейіпкер жеке танымын, өз ұстанымын алға тартады. Әр адам – жеке әлем десек те, Отбасы деген ұлы құндылықты құрайтын жеке адамдардың ынтымағы мен ыстық сезімі, шексіз махаббатты екенін түсінесіз.

Шығармашылық ұжымның жас буыны сахналаған спектакль қарапайымдылық – күрделі мәселелердің кілті деген философиялық ойға жетелейді.

Музыкалық драманың қоюшы-режиссері және сценографы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Асхат Маемиров, қоюшы-дирижері Руслан Баймурзин, қоюшы-хормейстерлері Ғалымжан Берекешов және Шыңғыс Аймақ, қоюшы-балетмейстері Уәлитбек Сиязбек және Камила Бузанова, режиссердің ассисенттері Оразалы Игілік және Еламан Иманбаев, жарық суретшісі Айдын Досаев, дыбыс режиссері Сабина Ильясова және Елжас Мағзом, режиссердің көмекшісі Еламан Иманбаев.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here