Сенатта Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң қабылданды

0
410

Қазақстандықтардың құқықтарын қорғау күшейе түсуде. Сенаторлар бүгін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңды қабылдады.

Енді Уәкіл қазақстандықтардың құқықтарын қорғау үшін Конституцияда бекітілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі мәселесі бойынша Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Ол сондай-ақ мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары, өзге де ұйымдар мен азаматтар арасындағы дауды реттеу жөніндегі қоғамдық диалогқа қатыса алады.

Заңда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің неғұрлым тиімді жұмыс істеуі үшін оның мәртебесі едәуір күшейтіледі. Оның тәуелсіз әрі мемлекеттік органдарға есеп бермейтін болғаны маңызды. Лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы куәгер ретінде одан жауап алуға болмайды. Бұл мәртебе құқықтары бұзылған қазақстандықтарды қорғаудағы құқықтық кепілдіктерді күшейтеді.

«Бұл заңда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы мен оның қызметін ұйымдастыру мәселелері айқындалған. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі міндеті адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу. Омбудсмен институтын нығайту Президентіміздің бастамасымен құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекет құру үшін қолға алынған саяси реформалардың маңызды бөлігі», – деді Палата Спикері.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here