«Киелі мекен» акциясына алакөлдіктер де атсалысуда

0
894

Жетісу облысының Үшарал қаласындағы Д. Қонаев атындағы орталық саябақта «Киелі мекен» науқанына орай тазалық шарасы өтті. Орталық саябақтан басталған шараға аудан тұрғындары бір кісідей атсалысты. Нәтижесінде ұзындығы 1,5 шақырым болатын аумақ тазаланды. Тазалық акциясы аясында түске дейін 3 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.

Шараға жиналған жұрт ауданды қоқыстан тазартып қана қоймай, екі қолға бір күрек ұстап, ағаш егуге кірісті. «Бір тал кессең – он тал ек» деген халық даналығы бүгінде жерде қалмауда. Айналаны жасыл желекке орап, жолдың бойына отырғызылған ағаштар әсем бейнесімен көз тартарлық.

«Киелі мекен» акциясына ауданның Үйгентас, Қабанбай ауылының тұрғындары да белсенді қатысуда.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here