Түркі мемлекеттеріне ортақ оңайлатылған кеден дәлізі құрылады

0
575

Мемлекеттер келісімге қол қойса, елдер арасында жүк тасымалын тексеру ісі жеңілдетіледі. Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдері арасында оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісім жобасы әзірленіп, ол ашық талқылауға шығарылды.

Жаңа келісім кеден органдары арасында ақпарат алмасу технологияларына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуі туралы ақпарат алмасуға негізделген. Яғни, оңайлатылған кеден дәлізін пайдаланатын сауда операторлары тасымалдайтын жүктері туралы ерікті түрде ақпарат береді. Бұл процесс ашық жүргізілуі қажет және жосықсыз бәсекеге алып келмеуі тиіс.

Оңайлатылған кеден дәлізінде сауда операторларына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, өткізу пункттерінде кедендік рәсімдеу тәртібі жеңілдейді және сәйкесінше рәсімдеу уақыты қысқарады. Сондай-ақ, егер сауда операторлары кеден заңнамасын бұзбаған жағдайда жүк көліктеріне кедендік тексеру жүргізілмейді. Ал6 тексеру қажет болған жағдайда ол жеңіл тәртіппен және қысқа мерзімде атқарылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here