Қазақстандағы 50-ге жуық университет мерзімді әскери қызметін атқарғандарды ҰБТ нәтижесінсіз өз есебінен оқуытуға ниет білдірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде журналистердің сұрағына жауап берген Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.
«Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі 50-ге жуық университетпен келісім жасасты. Оқу орындары мерзімді әскери қызметін атқарғандарды қолдауға және оларды университет есебінен оқуға мүмкіндік беруге ниет білдірді. Тізім өзгеруі мүмкін. Тағы да бұл ұсынысқа қосылуға ниетті университеттер болуы ықтимал», – деп мәлімдеді Қуаныш Ерғалиев.