Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін қор құрылды

0
961

Ақтөбе облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына қаржылай көмек көрсетуге ниет білдіріп жатқан азаматтар мен ұйымдардан көптеген өтініш келіп түсуде. Бұл қоғамдық бастаманы «Қамқор – Ақтөбе 2024» қоғамдық қоры жүзеге асырмақ.

Қордың басты мақсаты – мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес зардап шеккен әрбір облыс тұрғынына көмек көрсету.

«Қазір Ақтөбе қаласы мен облыстың бес ауданында келтірілген шығынды анықтайтын комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Су тасқынынан зардап шеккендердің арасында мүлкінің құжаты жоқтар да бар. Олар – негізінен саяжай алаптарының тұрғындары. Қордың басты міндеті – осы азаматтарға материалдық көмек көрсету. Мұқтаж жандар туралы ақпаратты залалды анықтайтын ресми комиссиялар береді», – деді «Қамқор – Ақтөбе 2024» қорының басшысы Абдухат Мырзалин.

Қаражатты аудару үшін банк есепшоты ашылды. Қор қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты қаржылық-құқықтық бақылау ұйымдастырылған. Қордың құрамына заңгерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам белсенділері кірді.

Қосымша ақпаратты қордың байланыс орталығынан +7 (7132) 41-00-40 нөмірі бойынша алуға болады. 

Реквизиттер:

«Қамқор-Ақтөбе 2024» Қоғамдық қоры

БСН 240 440 001 734

KZ38722S000035957349

«Kaspi bank» АҚ

Кбе 18

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here