Үлкен махаббат туралы кішкентай фильм

0
1265

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен «Метро» қысқаметражды фильмінің түсірілімі аяқталды. Бұл жас режиссер Зайтуна Қарпықованың дебюттік картинасы.

«Метро» қысқаметражды көркем фильмінде қазіргі өмірдің аласапыранында метроға кіре берісте жас қыз бен жігіттің кездейсоқ кездесуі туралы оқиға баяндалады. Осы шағын оқиғадан үлкен сезім туады. Жігіт гуманист, университетте әдебиет пәнінің мұғалімі, ал қыз жас суретші. Өткінші кездесуді жастар ұмыта алмай, үлкен қала қарбаласының арасынан бір-бірін табуға тырысады. Және, әрине, ең алдымен олар, бір-бірін – өздерін тағдыр біріктірген метродан іздейді. Күн өткен сайын бұл ізденістер бір жерге асыққан адамдар арасында жалғасуда. Олар кездесе ме, жоқ па…

«Кинематографтың көздеген мақсаттарының бірі – қарапайым күнделікті өмірді көрсету, оларға көркемдік бояу қосу. Мегаполистегі өміріміздің шындығы – жалғыздық. Ғаламтор дәуірінде кез келген континентке, кез келген елге, планетамызда тұратын кез-келген адамға қол жеткізуге болады деп ойлайтын сияқтысыз. Ал шындығында, виртуалды байланыстар адамдарды бір-бірінен алшақтатып, қарым-қатынастың суррогатына айналады. Кейде сіз шынымен біреумен көрісіп, көшеде бейтаныс адамға күлімсіреп, өзара жанашырлыққа толы көзқарасты, бақыт иірімін сезінгіңіз келеді», – дейді фильм авторы Альмири Қарпықов.  

Фильмде қазақстандық жас актерлар Мұқағали Мырзамбетов пен Ксения Мукштадт өнер көрсетеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here