Қазақстанда Ахметов(а) фамилиясымен 66 мың адам тұрады

0
295

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең жиі кездесетін фамилияларды жариялады. Көш басында – Ахметов (а). Мұндай фамилиямен елімізде 66 091 адам жүр.

Рейтингтегі екінші орында Серік — 45 193. Үшінші позицияда — Омаров (а) тегі. Қазақстанда бұл фамилия 40 322 адамда бар. Төртінші орында Оспанов(а) – 36 142.  Үздік бестікте Әлиев(а) тегі бар, Қазақстандағы Әлиевтердің саны – 35 387.  Бұдан әрі көп таралғандардың ішінде Ким – 34 811, Сүлейменов(а) – 29 988, Марат – 28 008, Амангелді – 27 297 және Болат – 24 542 фамилиялары бар. 

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша Қазақстан халқының саны – 19 715 782 адам.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here