20 ақпанда қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдана бастайды

0
791

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев журналистермен кездесуінде 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз негізде жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін берілетін мемлекеттік грант туралы айтты. Қаражат кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында бөлінеді. Биыл мемлекеттік грант сомасы – 1 млн 380 мың теңге.

2023 жылғы 20 ақпанда business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінім қабылдау басталады. Республика бойынша бірінші ағында 2,5 мың грант беру жоспарланған. Биыл өтінімдер төрт рет қабылданып, соның шеңберінде 9 мың грант беріледі. 

Тіркелген жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі үш жылдан аспаған) мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • «қандас» мәртебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар;
  • аз қамтылған отбасылардың мүшелері;
  • көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы не зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы не зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткерден соңғы үш жыл ішінде алған «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификат талап етіледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here