Балаларға қазақ тілін үйретуге арналған тың жоба

0
770

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында 730 мың халқының 48%-ын қазақтар мен 45%-ын орыстар құрайтын Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет «Қонақжай отбасы» пилоттық жобасы қолға алынды.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазақ тілін үйренгісі келген 12-14 жас аралығындағы қалада тұратын балалар 20 күнге ауылға барып, тілдік ортаға енеді. Биыл жобаға қатысатын Катонқарағай ауданындағы Катонқарағай, Өрел және Берел ауылдарында тұратын 32 отбасы таңдап алынды. Олар 60-тан астам баланы қабылдауға әзір. Балалардың талапқа сай болуы және медициналық қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы тексеріледі. Ал, әрбір бала үшін қабылдаушы отбасына 180 мың теңгеден төленеді.

«Аудан әкімдігі 20 мамырдан 1 шілдеге дейін жұмыс істейтін арнайы штаб құрады. Пилоттық жобаға осы ауылдарда тұратын педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатарынан еріктілер тартылады. Барлық бала жобаға қатысатын отбасыларға 10-30 маусым аралығында бір уақытта барады. Оқушыларға өлкенің тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрін білуге, халық аспаптарында ойнауға, жергілікті көрікті жерлер мен тарихи ескерткіштерге баруға мүмкіндік беретін бағдарлама дайындалады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық шаралары ойластырылады», – делінген облыстық білім басқармасы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, «Қонақжай отбасы» пилоттық жобасына балаларын қатыстырғысы келетін ата-аналар өз өтініштерін алдағы 22 мамырға дейін жібере алады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here