Алматыда VIII BAIQONYR Film Festival өтеді

0
1493

2023 жылдың 6-10 қыркүйек аралығында Алматыда BAIQONYR халықаралық кинофестивалі сегізінші рет өтеді. Кинофестивальдің миссиясы – кинематографтың дамуына жәрдемдесу, талантты авторларды қолдау және қазақстандық мәдениетті әлемдік кино қоғамдастығына ықпалдастыру.

Биылғы жылдың басты тосын сыйы жаңа халықаралық байқау болмақ – 8-ші кинофестивальге қысқаметражды ғана емес, сонымен қатар дебюттік толықметражды фильмдер да қатыса алатын болды.

Фестиваль беделінің өскенін жақында өткен Қазақстан киносыншылары қауымдастығының «Сыншылар таңдауы» жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде лауреаттар қатарына Baiqonyr кинофестивалінің президенті Әнуар Кенжебаевті қосуы айқын көрсетеді. Бұл жиында ол «Фестиваль қозғалысына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесіне ие болды.

 Фестивальдің бірегейлігі – ол осы жылдар бойы мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өткізіліп келеді.

Baiqonyr-2023 байқау бағдарламасының толық тізімі келесідей:

* Халықаралық дебюттік толықметражды көркем фильмдердің байқауы;

* Халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы;

* Ұлттық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы.

Байқаулардың әрқайсысын беделді қазылар алқасы бағалайды.

Конкурстан тыс бағдарлама да ауқымды болмақ. Ол жерде ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының II форумы өтеді, оның жұмысына 30-дан астам шетелдік мамандар қатысады. Білім беру бағдарламасы кеңінен ұсынылған: танымал режиссерлер мен актерлердің шеберлік сыныптары, воркшоптары мен дәрістері; киноиндустрияның өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер.

VIII BAIQONYR Film Festival конкурстық бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 5 мамырда басталады.

Халықаралық конкурстарға өтінімдер 1 шілдеге дейін, Ұлттық конкурстарға 1 тамызға дейін қабылданады.

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді.

Фестиваль жаңалықтарын baiqonyr.kz сайтынан және біздің Instagram және Facebook парақшаларымыздан – baiqonyrfilmfestival қараңыздар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here