Әулиеата өңірінде 140 жас отбасы баспаналы болады

0
1420

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте облыс әкімдігінің әлеуметтік сала басқарма басшылары, атап айтқанда, Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов, Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, Жастар саясаты басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар және Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Құралай Өскембекова есеп беріп, баяндама жасады.

Есеп бергендердің қатарында болған Жомарт Зұлпыхар бүгінде Әулиеата өңірінде 14 пен 35 жас аралығында 350 мыңнан астам адам тұратынын, бұл облыс халқының 30,5 пайызын құрайтынын айтып, биыл жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 5 мыңға жуық адам тартылғанын баяндады.

Жамбыл жастарының жетекшісі әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысымен қатар «Дипломмен – ауылға» жобасына да тоқталды.

«Биыл «Әулиеата жастары» тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға 2 млрд теңге, оның жартысы жергілікті бюджеттен қаралса, қалғаны «Отбасы банкі» тарапынан бөлінген. Нәтижесінде 140 жас отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда», – деп нақтылады Жомарт Зұлпыхар.

Өңір басшысы Нұржан Молдиярұлы жастар басқармасы алдына NEET санатындағы және жұмыссыз жастардың санын азайту міндеттерін жүктеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here