Несиелерін өтей алмай қалғандардың арта түскені байқалды – Мәулен Әшімбаев

0
271

Қазақстандықтар арасында ЕАЭО-ның басқа елдерінде кредит алып, төлей алмай қалатындар болса не істеу керек? Ел ішіндегі осындай проблемаларды шешу үшін жақында банкроттық туралы заң қабылданды. Ал шетелде алынған несиеге қатысты жағдайда қандай әрекет жасаймыз? Бүгін Мәулен Әшімбаев Сенатта ЕАЭО шеңберінде кредиттік тарих бойынша мәліметтер алмасу туралы заңды қарау кезінде осындай мәселелерді көтерді.

«Бұл мәселе қарызын төлей алмай қалатын борышкерлердің көбеюіне әкелмейді ме? Біздің тұтынушылық кредиттеуді қатаңдатуға арналған заңнамамыз бен ЕАЭО елдеріндегі тиісті нормалар бірдей емес. Ол жерде мұндай жағдай барынша либералды болуы мүмкін. Жалпы, біз қанша азаматымыз немесе қазақстандық ұйым шетелден несие алғаны жөнінде статистика жүргізуіміз керек. Сол арқылы қанша азаматымыздың шетелдік несие мекемелеріне қарызы бар екенін білеміз. Қолымызда осындай статистика болуы керек. Ол мәліметтерді қажет жағдайда жұмысымызда қолдана аламыз», – деп Сенат Төрағасы өз ұсынысын білдірді.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Қазақстанда азаматтарға борыштық жүктемені төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл Сенаттың заңнамалық деңгейдегі қызметіндегі басым бағыттардың бірі екені де сөз болды.

«Экономиканы кредиттеуді кеңейту және халықты тұтынушылық бағытта несиелеуді азайту – стратегиялық міндет. Тұтынушылық несие соңғы жылдары 2 есеге артып, 14 трлн теңгеден асқан. Осындай жағдайдың салдарынан елімізде несиелерін өтей алмай қалғандардың арта түскені байқалды. Сондықтан Президентіміздің бастамасымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң қабылданды. Сол арқылы азаматтарымыздың борыштық жүктемесін азайту көзделіп отыр», – деді Мәулен Әшімбаев.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here