Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді

0
425

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 25 мамыр күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Соған сәйкес Палатаның алдағы отырысында сенаторлар «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл Құжат Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға қосымша келісім екенін атап өткен жөн. Заң аталған Конвенцияны іске асыру тетіктерін белгілейді.

Құжат нормалары мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті жоюға және инклюзивтілік қағидатын іске асыруға бағытталған. Хаттамаға сәйкес, мүгедектігі бар азаматтар Конвенцияның ережелері бұзылған жағдайда осы комитетке хабарламамен немесе шағыммен жүгіне алады.

Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here