Мектепке Салық Зимановтың есімі беріледі

0
858

Академик, заңгер Салық Зиманұлының туғанына 100 жыл толуына орай Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов өңір басшылығына Атырау қаласындағы көше мен мектептің біріне ғалымның есімін беру туралы ұсыныс түсірген еді. Жақында облыс мәслихатының депутаттары кезекті сессияда облыстық сот төрағасының ұсынысына қолдау білдірді. Бұл туралы Атырау облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев хабарлады.

Атырау қаласындағы № 37 орта мектепке Салық Зимановтың есімін беру туралы шешім қабылданып, республикалық ономастикалық комиссияға ұсыныс жіберілді. Енді оның есімін көшеге беру мәселесі де өз шешімін табатын болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here