Оралда облыстық жас күйшілер сайысы өтті

0
402

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі «Атамекен» өнер ордасында еліміздегі күйшілік өнерді өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды анықтау, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Күй-тектілік тереңі!» атты облыстық жас күйшілер сайысын өткізді.

Сонымен қатар, сайыс барысында жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында арнайы ұлтық қолөнер түрлерінен көрме ұйымдастырылып таныстырылды. Облыстық жас күйшілер сайысы 2 кезеңнен тұрып, ақтық кезеңде алғашқы іріктеу кезеңінен өткен ең үздік деген жас күйшілер сайысқа түсті.

Сайыс жеңімпаздары 14-18 және 19-29 жас аралығындағы жастардың өнер көрсетулері бойынша анықталды. Нәтижесінде 14-18 жас аралығы бойынша жүлделі III орынды Кибашова Айзада, II орынды Қайыржанов Эрнест, I орынды Кузанбаев Наурызбек иеленсе, «Көрермен көзайымы» аталымдары Нариманова Жұлдыз бен Қадырғалиева Мадинаға бұйырды.

Ал 19-29 жас аралығы бойынша III орынды Темирлан Сыралиев, II орынды Егінғали Қыдырнияз, I орынды Байқұтты Қайрат иеленсе, «Көрермен көзайымы» аталымдарын Рамазан Бекзат пен Умбетова Нұрай қанжығасына байлады.Сайыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар, естелік сыйлықтар және қаржылай сертификаттар табысталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here