15 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың банк шоттарының арасындағы мобильді ақша аударымдарына мониторинг жүргізе бастайды.
Бұған дейін хабарланғандай, бір адамның жеке тұлға ретінде ашқан банк шотына 3 айдың ішінде 100 және одан да көп адамның банк шотынан ақша аударылған болса, бұл кәсікепрлік қызметтен пайда табу болып есептеледі. ҚР Қаржы министрінің тиісті бұйрығы бүгіннен бастап күшіне енді. Салық заңнамасына сәйкес, мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты енгізілген өзгертулер жеке тұлғалардың жеке аударымдарын /кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден/ бөлуге арналған. Бір айта кетерлігі, жеке аударымдарға салық салынбайды.