Медеу ауданының «Бақытты отбасы» орталығы

0
697

Жыл сайынғы халықпен есеп беру кездесуі барысында Алматы қаласының әкімдігі аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша «Бақытты отбасы» атты кешенді қалалық бағдарламасын ұсынды. 2019 жылдың маусымы мен қараша аралығында Алматы қаласының аудандарында «Бақытты отбасы» атты 9 әлеуметтік орталық аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қорғау бойынша ұсынылған әлеуметтік орталықтар жұмыс істеуді бастаған болатын.

Орталықтар жайында толығырақ ақпарат алу үшін Медеу ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығына келушілерді мазалайтын өзекті сұрақтарға жауап алып қайтқан болатынбыз.

Сұхбатымыздың басында Медеу ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Саметова Толқын Төлеушайыққызы орталық жайында ақпарат берді: «Біздің Медеу ауданының орталығы  2019 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Орталықтың мақсаты – орталыққа келушілердің әлеуметтік, психологиялық, заңгерлік тұрғыдағы сұрақтарына жауап беріп, мәселелерімен толыққанды жұмыс істеу, аналар мен кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін сапалы өмір құруға ынталандырып, кәсіпті нөлден бастауға мүмкіндік беру, қаладағы аз қамтылған отбасы мүшелерін пайдалы әрі оңай бейіндік курстар жүргізіп, белгілі бір салада маман иесі атануға көмектесу».

Толқын Төлеушайыққызының айтуы бойынша, орталық аталған көмек шараларын жүзеге асыру мақсатында психологиялық, әлеуметтік және заңдық тұрғыдағы сұрақтары мен шешімдері бойынша жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер, психолог және заңгер мамандары онлайн және оффлайн форматта кеңес береді. Сондай-ақ, әр түрлі саладағы мамандар балаларға және аналарға арналған бейіндік курстарды жүргізеді.

Бүгінгі күнде Орталықта көптеген курстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде: массаж, тігін, құрақ-көрпе, йога, сәндік, бау-бақша күтімі, бизнес жоспарлау және ұялы телефондар мен гаджеттерді жөндеу курстары бар. Бірақ аналардың ұмтылысына қарағанда, орталық тек аталған курстармен шектеліп қалмай, жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша дәрістер қосу жұмыстарын жүргізуде.

«Бақытты отбасы» орталықтарының қызметтеріне көпбалалы, аз қамтылған, толық емес немесе мүмкүндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және жалпы көмекке мұқтаж жандар жазыла алады. Орталықтың барлық курстары және қызметтері тегін жүргізіледі.

Сұхбатымыздың соңында Медеу ауданының «Бақытты отбасы» орталығының басшысы: «Құрметті аналар! Біздің орталық сіздерді қолдау, алға қарай жетелеу, дамыту және барынша көмек көрсетумен айналысады. Егер сіздің жоғарыда айтылған салалар бойынша сұрақтар мен мәселелеріңіз болса, міндетті түрде бізге келіңіздер, біз сіздерге қолдау көрсетуге тырысамыз», – деді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here