Алматыда тау дайындығы бойынша оқу-әдістемелік жиын өтуде

0
238

Тау дайындығы орталығында жартас дайындығы, альпинистік жабдықтарды дұрыс қолдану, қозғалыс техникасы және таулы жерлерде ұрыс жүргізу тактикасы бойынша жаттығу сабақтары өткізіліп жатыр. Жиынға Үндістан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілері нұсқаушы ретінде қатысуда.

Жиынның мақсаты – әскери қызметшілердің таулы жерлерде сауатты іс-қимыл жасау қабілетін тексеру, әскери альпинистердің тау кедергілерін еңсеру дағдыларын жетілдіру, әскери қызметшілердің физикалық тұрғыда төзімділік деңгейін арттыру.

Жауынгерлерге альпинистік жабдықтармен жұмыс істеу, таудағы жартасты және мұзды учаскелерді еңсеру бойынша тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Жиын барысында Іле Алатауының шыңдарына көтерілу жоспарланған.

Үндістан Қарулы күштерімен тау дайындығы саласындағы ынтымақтастық 2005 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қазақстандық жауынгерлер үнді тарапының шақыруымен тәжірибе алмасу мақсатында 2005 жылы биіктігі 7134 метр Нун шыңына, 2010 жылы 6400 метр биіктіктегі Багератхи шыңына бірге көтерілген болатын.

2018 жылдан бері үнді әскери нұсқаушылары жыл сайын тәжірибе алмасу үшін Қазақстан Қарулы күштерінің тау дайындығы орталығына келіп тұрады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here