Түркіменстан киіз үйді қалай ұлықтады?

0
834

Киіз үй – көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді. Өкінішке қарай, Ұлыстың Ұлы күні Наурызда ғана көретініміз болмаса, бұл күндері қазақ үйді ұлықтап жүрген қазақ көрінбейді. Ал, оңтүстік-батыстағы көршіміз Түркіменстан киіз үйді ұлықтауда алдарына жан салмай жүр.

2018 жылы Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласының шетінде «Наурыз өңірінің ақ үйі» атты үлкен киіз үй түрінде салынған үш мың орындық жаңа концерт залы ашылды. Ал, 2015 жылы Мары қаласында салынған киіз үй кейпіндегі алғашқы ғимарат – Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең үлкен киіз үй ретінде енді. Сонымен қатар, сол киіз үйде Президенттің «Алға! Тек қана алға, туған ел – Түркіменстан!» әнін бір мезетте 4 мыңнан астам адам шырқап, тағы бір рекорд орнатылған еді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here