Алматыдан Алакөлге қатынайтын «Тальго» пойызына билет сатыла бастады

0
229

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы мен Достық бағытындағы «Тальго» пойызы 16-31 тамыз аралығында қатынайды. Ал, Алакөлге екі «Тальго» пойызынан бөлек 11 қалыпты пойызға билет 8 маусымнан сатыла бастады.

Бұған дейін ҚТЖ Алакөлге қатынайтын «Тальго» пойызына билет неге сатылмай жатқанын түсіндірді.

«Бұл бағытта әдеттегі пойыздар кедергісіз жүріп жатыр және билет бар. Ал, «Тальго» пойызына әзірге билет сатылып жатпағанымыз рас. Бұйыртса осы аптаның соңында ашылады деп отырмыз. Сол жоспар бойынша 15-16 маусымнан бастап «Тальго» қатынай бастайды. Бұл туралы бұған дейін де хабарлағанбыз», – деп түсіндірді компанияның Баспасөз хатшысы Мәди Мұхамедқали.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here