Шілде айында Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

0
137

Шілде айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов айтты.

«Алдымыздағы шілде айында Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Сондай-ақ, инфляция мен инвестиция мәселелері көтеріледі. Барлық министрлер мен әкімдер осы отырысқа дайындалуы керек. Алты айдың қорытындысын біз жаңа үш облысты қоса отырып, жиырма өңір бойынша толықтырып жасаймыз», – деді Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here