Колледждерде білім алу қашанға дейін тегін болады?

0
141

Елімізде «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін барлық талапкерлер үшін колледждерде білім алу тегін болады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Ведомство дерегінше, қазіргі таңда еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 490 мыңға жуық студент білім алады. Оның ішінде 300 мың студент тегін оқиды.

«Биылғы жылы Президент тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі 45 мың орынға ұлғайды. Сондай-ақ, колледждерге тағы 120 мыңнан астам талапкер мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылданады. Білім беру гранттарының басым бөлігі IT, құрылыс, инженерия, металлургия сияқты техникалық мамандықтарға бөлінеді. Жалпы «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін барлық ниет білдірген талапкерлерді тегін біліммен қамту жоспарланып отыр», – деп жауап берді министрлік өкілдері.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here