Исламабадта бірлескен әскери комиссияның отырысы өтті

0
127

Исламабадта Қазақстан мен Пәкістанның бірлескен әскери комиссиясының отырысы өтті. Бұл Пәкістан қорғаныс ведомствосында өткен Қазақстан-Пәкістан бірлескен комиссиясының жетінші отырысы.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы Қорғаныс министрліктері Халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің бастықтары полковник Олжас Құсайынов пен генерал-майор Маджид Жахангир 2022 жылға арналған әскери ынтымақтастықтың қорытындыларын шығарды.

Тараптар сондай-ақ әскери білім, жауынгерлік дайындық және бітімгершілік саласындағы ынтымақтастықтың даму бағыттарын да талқылады.

Қорғаныс саласындағы Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығы үнемі кеңейіп келе жатқанын атап өткен жөн.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here